2025 жылғы 10 шілдеден бастап хабарламалар бойынша түсініктемелер тек СӘАЖ СТК арқылы ұсынылады

2025 жылғы 10 шілдеден бастап хабарламалар бойынша түсініктемелер тек СӘАЖ СТК арқылы ұсынылады

Мемлекеттік кірістер комитеті салық әкімшілігінің ақпараттық жүйесін (СӘАЖ), оның ішінде СӘАЖ салық төлеуші кабинетін (СӘАЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосуды жүзеге асырады.

Осыған байланысты, 2025 жылғы 10 шілдеден бастап камералдық бақылау хабарламаларын (бұдан әрі – Хабарламалар) орындау, түсініктеме беру арқылы, тек СӘАЖ СТК-де келесі сілтеме бойынша қолжетімді болады: https://knp.kgd.gov.kz.

Бұл ретте, хабарламаларды орындау шеңберінде салық есептілігінің қосымша нысанын (ҚСЕН) ұсыну жөніндегі функционал ескі салық төлеуші кабинетінде қалады – https://cabinet.kgd.gov.kz – СЕН СӘАЖ СТК-ға толық ауысқанға дейін.

СӘАЖ салық төлеуші кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі бейненұсқаулық Мемлекеттік кірістер комитетінің YouTube арнасында жарияланған: https://youtu.be/zqNI6w5NJpw?feature=shared.

Құжаттармен және функционалмен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтар Қолдау → Көмек → Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.

Сұрақтар туындаған жағдайда Қолдау қызметіне хабарласуыңызға болады:
1. Жаңа СТК-де тіркеу бойынша: 8 (7172) 73 55 11, +7 (705) 956 53 71;
2. Функционал бойынша: СӘАЖ СТК Қолдау → Кері байланыс бөліміндегі өтініш нысаны арқылы.