«Keden» АЖ асыл тастар мен бағалы металдарға мемлекеттік бақылау актісін беру функционалын пайдалануға енгізуде

«Keden» АЖ асыл тастар мен бағалы металдарға мемлекеттік бақылау актісін беру функционалын пайдалануға енгізуде

«Keden» ақпараттық жүйесінде жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігінің Индустрия комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін асыл тастар, зергерлік және басқа да бұйымдар мен асыл металдардан және асыл тастардан жасалған бұйымдар бойынша мемлекеттік бақылау актісін, сондай-ақ Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін өңделмеген табиғи алмастар бойынша мемлекеттік бақылау актісін беру функционалын іске қосуда.

2025 жылғы 8 шілдеден бастап мемлекеттік бақылау актісі өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылатын болады.

Ағымдағы жылдың 4 шілдеде сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік бақылау актісі алу өтініштерді қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.

Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаты жасалған https://t.me/kedenkgdgovkz/57795 – өтініш берушілер үшін.

Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.
Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз:
- +7 7172 73 55 19
- +7 705 956 53 89
- e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz.
- telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.