Берешекті өтеу мақсатында борышкердің мүлкін өткізу тәртібі

Берешекті өтеу мақсатында борышкердің мүлкін өткізу тәртібі

Салық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушінің мүлкіне қатысты заңнамада көзделген шараларды қолданады. Бұл рәсім төрт негізгі кезеңді қамтиды:

  1. Мүлікке билік ету құқығын шектеу туралы шешім

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 120-бабына сәйкес, мүлікке билік ету құқығын шектеу келесі жағдайларда қолданылады:

  • салық берешегінің болуы;
  • салықтық тексеру нәтижелеріне шағымдану (салықтық мониторингте тұрған салық төлеушілерден басқа).
  1. Мүлікті түгендеу

Салық төлеушіге тиісті шешім тапсырылғаннан кейін мүлікті түгендеу туралы актісі жасалады. Түгендеуге тез бұзылатын тауарлардан басқа кез келген мүлік жатады. Салық төлеуші растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті, содан кейін түгендеу жүргізіледі.

  1. Өндіріп алу және мүлікті өткізуге деректерді беру

Өндіріп алу туралы қаулы шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде борышкер мен оның мүлкі туралы мәліметтер https://e-qazyna.kz электрондық сауда алаңына жіберіледі. Өткізуге борышкердің өз мүлкі де, үшінші тұлғалардың кепілдегі мүлкі де жатқызылуы мүмкін.

  1. Мүлікті өткізу

Бастапқы баға 7 жұмыс күні ішінде бағалау нәтижесі негізінде белгіленеді. Егер мүлік екі аукционнан кейін де өткізілмесе және берешек өтелмесе, салық органы бұрынғы түгендеу актісінің күшін жоя отырып, басқа мүлікті түгендеуге құқылы.

Аталған шаралар салықтар мен міндетті төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз етуге, мемлекеттік мүддені қорғауға және салық тәртібін сақтауға бағытталған.

Мысалы, 2024 жылы салық берешегін өтеу есебіне өткізілген мүлік сомасы 1 479 млн.теңгені, ал 2025 жылдың 6 айында — 693 млн.теңгені құрады (тұрғын емес үй-жайлар, жер учаскелері, көлік, арнайы техника).

Аукциондар https://e-qazyna.kz алаңында өткізіледі, оған қатысуға ниет білдірген кез келген адам қатыса алады! Осыған байланысты https://e-qazyna.kz сайтына кіріп, бастапқы бағадан 35% төмен қойылған лоттармен танысуға кеңес береміз.