28 маусым күні Алматы қаласында мемлекеттік және әкімшілік қызметшілер арасында жыл сайынғы спартакиада өтті. Іс шараны Алматы қаласының Спорт басқармасы ұйымдастырды. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті аталмыш жарысқа белсене қатысты.
Спартакиаданың басты мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және мемлекеттік қызметтегі ұжымдық рухты нығайту.
Жарыстар қаланың жетекші спорт нысандарында өтті:
- Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы — волейбол, шахмат;
- Орталық стадион — мини-футбол, 4×100 эстафетасы;
- Сонымен қатар бағдарламаға үстел теннисі мен армрестлинг те енді.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері тамаша нәтижелерге қол жеткізді:
- Мини-футбол — 1 орын;
- Волейбол — 1 орын;
- Шахмат — 2 орын;
- Армрестлинг — 3 орын.
Әріптестерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Қатысушылар жоғары дайындық, ұйымшылдық және шынайы спорт рухын көрсетті.
Ұйымдастырушыларға және төрешілерге іс-шараны жоғары деңгейде өткізгені үшін алғыс айтамыз.
Мұндай спартакиадалар мемлекеттік органдар ұжымының денсаулығы мен бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосады.