Кәсіподақтың белсенді және көпбалалы мүшелеріне сертификаттар мен естелік сыйлықтарды табыстады

Кәсіподақтың белсенді және көпбалалы мүшелеріне сертификаттар мен естелік сыйлықтарды табыстады

Мемлекеттік қызметші күніне орай Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кәсіподақ ұйымы кәсіподақтың белсенді және көпбалалы мүшелеріне Қазақстанның табиғи жауһарлары — Шарын шатқалы мен Көлсай көліне арналған бір күндік ерекше саяхатқа сертификаттар мен естелік сыйлықтарды табыстады.

Сондай-ақ, кәсіподақ қызметіне белсенді атсалысқаны үшін «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» медальдары табысталды.

Барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Туған өлкенің табиғатынан шабыт алып, жарқын әсерге бөленулеріңізге тілектеспіз!