О правилах осуществления таможенной очистки товаров должностными лицами органов государственных доходов

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына тауарларды кедендік тазарту тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы №73 «Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазартуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 ақпанда №16346 болып тіркелген) реттелетінін жеткізеді.

Аталған Қағидалар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексіне және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген. Құжат мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру, кедендік тазарту және оларды шығару кезінде жүзеге асыратын іс-қимылдарының тәртібін айқындайды.

Тауарларды кедендік тазарту «Тауарларды кедендік тазарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі шеңберінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет кедендік декларацияны тауарларға арналған декларация түрінде берген сәттен басталып, тауарларды шығарумен аяқталады.

Қазіргі таңда тауарларды декларациялау «KEDEN» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады. Бұл кедендік рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етіп, кедендік операцияларды орындау мерзімдерін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

Қағидаларда кедендік декларацияны тіркеу немесе оны тіркеуден бас тарту тәртібі, тауарларды шығару мерзімдері мен шарттары, сондай-ақ тауарларды шығарудан бас тарту негіздері айқындалған. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар, қажетті құжаттар тізбесі, қызмет көрсету мерзімдері мен нәтижелері Қағидалардың қосымшаларында көрсетілген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 15 наурыздағы №145 бұйрығымен Қағидалар жаңа редакцияда бекітіліп, мемлекеттік кірістер органдарының кедендік тазарту рәсімдерін одан әрі жетілдіруге бағытталған өзгерістер енгізілген.

Белгіленген кедендік тазарту тәртібін сақтау кедендік төлемдер мен салықтардың толық әрі уақтылы өндіріп алынуын қамтамасыз етуге, кедендік операцияларды жеделдетуге және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Қағидалардың толық мәтінімен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.

Департамент государственных доходов по Алматинской области информирует участников внешнеэкономической деятельности о том, что порядок совершения таможенной очистки товаров регламентирован приказом Министра финансов Республики Казахстан от 26 января 2018 года №73 «Об утверждении Правил совершения таможенной очистки товаров должностными лицами органов государственных доходов» (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 февраля 2018 года за №16346).

Правила разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан «О таможенном регулировании в Республике Казахстан», а также Законом Республики Казахстан «О государственных услугах» и определяют последовательность действий должностных лиц территориальных органов государственных доходов при совершении таможенных операций, связанных с таможенной очисткой и выпуском товаров при помещении их под таможенные процедуры.

Таможенная очистка товаров осуществляется в рамках оказания государственной услуги «Таможенная очистка товаров». Указанная услуга оказывается уполномоченными должностными лицами органов государственных доходов, начинается с момента подачи таможенной декларации в виде декларации на товары и завершается выпуском товаров. Декларирование товаров производится в электронной форме посредством информационной системы «KEDEN», что обеспечивает прозрачность таможенных операций и сокращение сроков их совершения.

Правилами установлены порядок регистрации таможенной декларации либо отказа в ее регистрации, порядок и сроки выпуска товаров, а также основания для отказа в выпуске товаров. Основные требования к оказанию государственной услуги, включая перечень необходимых документов, сроки оказания и результат, приведены в приложениях к Правилам.

Следует отметить, что приказом Министра финансов Республики Казахстан от 15 марта 2024 года №145 Правила изложены в новой редакции в рамках совершенствования порядка совершения таможенной очистки товаров должностными лицами органов государственных доходов.

Соблюдение установленного порядка таможенной очистки товаров направлено на обеспечение полноты взимания таможенных платежей и налогов, ускорение совершения таможенных операций, а также создание благоприятных условий для участников внешнеэкономической деятельности.

С полным текстом приказа можно ознакомиться в информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан «Әділет» (adilet.zan.kz).