Камералдық бақылау салық органдары тарапынан салықтық нысандарда, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде және басқа да ақпарат көздерінде бар мәліметтерді талдау және салыстыру арқылы жүргізіледі.
Камералдық бақылаудың негізгі мақсаты — салық төлеушіге анықталған алшақтықтарды өз бетінше жоюға және салықтық міндеттемелерін орындауға мүмкіндік беру.
Алшақтықтар анықталған жағдайда салық төлеушіге алшақтықтар туралы хабарлама жіберіледі.
Хабарламаны алғаннан кейін салық төлеуші оны орындау бойынша уақтылы шаралар қабылдауы қажет.
Маңызды! Хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау заңнамада көзделген шаралардың қолданылуына, оның ішінде интернет-ресурстарға қолжетімділікті шектеуге, банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын және электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұруға әкеп соғуы мүмкін.
Хабарламаны уақтылы орындау — қосымша шектеулер мен салықтық міндеттемелерге байланысты мәселелердің алдын алудың кепілі.