
2026 жылғы 01 шілдеде Алматы қаласындағы «Халықаралық көліктік-гуманитарлық университеті» мекемесінде «Түлектерді жұмыспен қамту: тенденциялар мен перспективалар» тақырыбында форум-кездесу өткізілді. Аталған іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен бітіруші курс студенттері қатысты. Форумның негізгі мақсаты – жас мамандарды жұмыспен қамту мәселелерін талқылау, еңбек нарығындағы заманауи талаптар мен өзгерістерді түсіндіру, сондай-ақ түлектер мен жұмыс берушілер арасында өзара тиімді байланыс орнату болды.