Кассалық тәртіпті сақтау деңгейін арттыру және көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 2025 жылғы 1 мамырдан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін «Бәйге» жаңа акциясы өткізілетін болады.

Белгіленген кезеңде фискалдық чектердің ең көп санын тіркеген жеке тұлғалар 100 000 теңге мөлшерінде сыйақы алады.
Әр тоқсанның қорытындысы бойынша оператор фискалдық чектердің ең көп санын сканерлейтін әр өңірден бір жеңімпазды (барлығы 20 жеңімпаз — әр облыстан және Республикалық маңызы бар қаладан бір) анықтайды. Жеңімпаздарға 100 000 теңге көлемінде сыйлық төленеді.
Акция тоқсан сайын өткізілетін болады:
* 1 кезең: 1 мамырдан екінші тоқсанның соңына дейін;
* 2 кезең: үшінші тоқсанда;
* 3 кезең: төртінші тоқсанда.
Аталған акцияларға қатысу үшін «Amian» мобильді қосымшасында тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге ақы төлегені үшін чектерді тіркеу қажет.