Салықтық тексеру: негізгі аспектілер және сот практикасы

Салықтық тексеру: негізгі аспектілер  және сот практикасы

Салықтық тексеру — бұл Қазақстан Республикасы заңнамасының, соның ішінде салық заңнамасының сақталуын бағалау мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының (МКО) лауазымды тұлғалары жүргізетін бақылау іс-шарасы.
Кәсіпкерлер салықтық тексеру нәтижелерін уәкілетті органға немесе сотқа Қазақстан Республикасының Салық кодексі мен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (ӘРПК) сәйкес шағымдануға құқылы.
Сот практикасы: Соңғы 4 жыл ішіндегі сот шешімдерін талдау көрсеткендей, талап арыздардың басым бөлігі ӘРПК ережелеріне сәйкес салықтық тексеруді тағайындау кезіндегі МКО-ның рәсімдік әрекеттеріне шағымданумен байланысты. Атап айтқанда, салық төлеушілер ескертулерді, хаттарды және тыңдаулар хаттамаларын әкімшілік актілермен теңестіреді.
2021 жылғы 1 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін әкімшілік соттар 107 істің ішінен жалпы сомасы 39 млрд теңгені құрайтын талаптардың 30%-ын немесе 2,7 млрд теңгеге тең талаптарды қанағаттандырған.
Сонымен қатар, салық төлеушілерге жасалған ескертулер (ӘРПК-нің 70–73-баптарының шеңберінде) соттармен аралық актілер ретінде танылып, салық міндеттемелерінің туындауына әкелмейтін әрекеттер болып табылғандықтан, сот шешімдерімен МКО-ның пайдасына қолдау тапқан.
Осыған байланысты кәсіпкерлерге Салық кодексінің 155-бабына сәйкес жасалған шаруашылық операциялардың фактін растайтын бастапқы құжаттардың толық пакетін уақтылы ұсыну маңызды.

Толығырақ
https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/979408?lang=kk