Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Keden» АЖ кеден ісі саласында мемлекеттік қызмет көрсету, атап айтқанда зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін енгізу бойынша функционал пайдалануға енгізілетінін хабарлайды. Өтініштерді беру және өңдеу 2025 жылғы 14 сәуірден бастап «Keden» АЖ-де жүзеге асырылатын болады.
Маңызды: «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» жүйесі арқылы өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 11 сәуірінен бастап сағат 18:30-да тоқтатылады.
Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаты жасалған https://t.me/kedenkgdgovkz/46130 – зияткерлік меншік объектілері үшін.
Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.
Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз:
+7 7172 73 55 19
+7 705 956 53 89
e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz.
Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.