
Жеке тұлға өз бизнесін ашуға шешім қабылдады, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін жеке тұлға салық органына хабарлама жібереді. Мұны үш жолмен жасауға болады.
Қазақстанда ЖК ретінде тіркелу оңайлатылды, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап тәртіп өтініш берушіден хабарлама берушіге ауыстырылды.
Жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы Мемлекеттік кіріс органын электрондық түрде (онлайн) көрсетілген тәсілдердің бірімен хабардар ету жеткілікті:
1)«E-Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады;
2)«Электрондық лицензиялау» еlicense.kz порталы арқылы;
3)Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асырылады.
Жеке кәсіпкерге хабарлама жіберілген сәттен бастап бизнеспен айналысуға мүмкіндік береді және өзі жеке кәсіпкер ретінде тіркеудің болуын растау болып табылады, қызмет тегін көрсетіледі.
Нені білу керек. Тіркеу кезінде жеке кәсіпкердің деректемелері мен параметрлерін, атауын, салық салу режимдерін және қызмет түрін (ЭҚЖЖ) көрсету қажет.
Жеке кәсіпкерді тіркеу үшін хабарламаларды жіберу тәсілдеріне қатысты:
1)«E-Salyq Business» мобильді қосымшасында дара кәсіпкерді тіркеу рәсімі.
Кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберу үшін тіркеуден өтіп, «E-Salyq Business» мобильді қосымшасына кіру қажет. Қосымшада «ЖК тіркеу» бөліміне өтіп, деректемелерді толтырыңыз. Әрі қарай, деректемелерді толтырғаннан кейін өңдеуге жіберіңіз.Қалыптастырылған сауалға ЭЦҚ қол қойылады, содан кейін 1 жұмыс күні ішінде ЖК есепке қою жүзеге асырылады.
2)еlicense.kz порталда ЖК тіркеу рәсімі.
Кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберу үшін elicense.kz порталда тіркеуден өту қажет. elicense.kz порталына тіркелгеннен кейін «Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама» қызмет бетіне өту қажет.
Сілтеме elicense.kz порталдың басты бетінің оң жақ блогындағы танымал қызметтер тізімінде орналасқан, сондай-ақ «eGov.kz» порталдағы «Бизнес → бизнесті тіркеу және дамыту → бизнесті тіркеу және тарату» бөлімінде.
Қызмет бетінде сіз «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын басуыңыз керек, содан кейін сізден лицензиарды, яғни жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде болатын мемлекеттік кірістер органын таңдау сұралады.
Мемлекеттік кірістер органын таңдағаннан кейін ашылған терезеде өтініш өрістерін толтыру қажет.
Егер сіз кілттің ЭЦҚ көмегімен авторланатын болсаңыз, онда олардың көпшілігі автоматты түрде толтырылады.Осы беттің соңғы бөлімінде «Мемлекеттік кірістер органынан Растауды сұрау» тармағы бар, онда «Жіберу» батырмасын басу және ЖК тіркеу мүмкіндігін мақұлдау туралы хабарлама күту қажет.
«Келесі» батырмасын басқаннан кейін өрістері бар терезе ашылады, онда сіздің жеке кәсіпкер – мекен-жайыңыздың деректемелері мен параметрлерін, атауын, қызмет түрін (ЭҚЖЖ) және аталған салық салу режимдерінің бірін көрсету қажет:
-Арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнайы салық режимі;
-Патент негізінде арнайы салық режимі;
-Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимі;
-Белгіленген шегерімді пайдалана отырып, арнайы салық режимі;
-Бөлшек салықтың арнайы салық режимі;
-Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимі;
-Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнайы салық режимі.
Сіз қалыптастырған сұрау салуға ЭЦҚ қол қойылады, содан кейін 1 жұмыс күні ішінде ЖК ретінде есепке қою жүзеге асырылады.
3)ЖК-ті банктің мобильді қосымшасында тіркеу рәсімі.
-Кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу үшін мобильді қосымшаға жүктеп, тіркеуден өту қажет.
-Кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберу үшін банктің мобильді қосымшасында тіркеуден өту қажет.
-Қосымшада қызмет бөліміне өтіп, «ЖК тіркеу» жолын таңдап, оны толтырыңыз.
Әрі қарай, деректемелерді толтырғаннан кейін өңдеуге жіберіңіз.
-Қалыптастырылған сауалға ЭЦҚ қол қойылады, содан кейін 1 жұмыс күні ішінде ЖК есепке қою жүзеге асырылады.