Газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспасына, экологиялық отынға ТІЖ рәсімдеу туралы.

Газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспасына, экологиялық отынға ТІЖ рәсімдеу туралы.

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 15 наурыздан бастап ТІЖ- (тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттары) рәсімдеу қағидаларына (2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1321 бұйрық) енгізілген толықтыруларға сәйкес газохол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсутектер қоспасы мен экологиялық отынға ТІЖ рәсімдеу жөніндегі міндет қолданылатынын еске салады.

     Сонымен қатар, жоғарыда аталған тауарлардың айналымы кезінде мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы бойынша декларацияны ұсыну бойынша міндеттемелер туындамайтынын, Пин-кодты иелену талап етілмейтінін хабарлаймыз.

        Ереженің 36-тармағына сәйкес ТІЖ рәсімдеу үшін G1 «Тауарлар бойынша деректер» бөлімінде «Тауардың атауы» бағанында газохол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсутектер қоспасы, экологиялық отын (ЖҚТ- Жеке қызмет түрлері және Пин-кодтарға байланбай) көрсету қажет.