«Жайсан» және «Әлімбет» автомобиль өткізу бекеттерінлегі жағдай туралы

«Жайсан» және «Әлімбет» автомобиль өткізу бекеттерінлегі жағдай туралы

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Жайсан» және «Әлімбет» автомобиль өткізу пункттерінде қалыптасып жатқан ағымдағы жағдай туралы хабарлайды.

 

«Жайсан» автомобиль өткізу пункті бойынша.

 

2026 жылғы 04 қыркүйектен бастап Ресей Федерациясының іргелес аумағында, Ақтөбе облысы бойынша МКД «Жайсан» АӨП іргелес жағында «Сагарчин» МАПП Ресей Федерациясынан шығу жағынан жол төсемін ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты автокөлік құралдарының қозғалысы Ресей Федерациясына кіруге арналған жолдың бір жағында (кері қозғалыс) ұйымдастырылған. Жол жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жүк және жеңіл автокөлік құралдарының аз жиналуы байқалады.

 

«Әлімбет» автомобиль өткізу пункті бойынша.

 

Автокөлік құралдарының жиналуы «Әлімбет» уақытша өткізу пунктіндегі қайта құру кезеңіндегі жұмыс ерекшеліктеріне байланысты байқалады. Аталған өткізу пункттеріндегі жағдай Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығының тұрақты бақылауында, көлік қозғалысы жүзеге асырылуда, мемлекеттік шекара арқылы өткізуде айтарлықтай қиындықтар ағымдағы сәтте байқалмайды. Қазіргі уақытта шекарада көлік құралдарының жиналуы айтарлықтай төмендеді.

 

Тасымалдаушылар мен жүргізушілерден маршрутты алдын ала жоспарлауды және басқа өткізу пункттері арқылы шекарадан өтудің балама нұсқаларын қарастыруды сұраймыз.