Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

   Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 5-бабына сәйкес, Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ қоғамдағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды жою мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуде.

    Сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық салаларына (экономикаға, саясатқа, әлеуметтік салаға) теріс әсерін тигізеді. Аталған құбылыстың салдарынан туындайтын жағымсыз жағдайлар қоғамның үдемелі әрі тұрақты дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нақты қауіп төндіреді.

   Қазіргі кезеңде сыбайлас жемқорлық мәселесі жаһандық сипатқа ие болып отыр, себебі ол саяси құрылымына және экономикалық даму деңгейіне қарамастан барлық мемлекеттерге тән. Бұл құбылыс нарықтық экономикасы бар демократиялық елдерде де орын алуда.

   Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиісті заңнамалық база қалыптастырылған. Атап айтқанда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң, Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметіндегі тәртіп пен заңдылықты нығайту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың көлемін қысқартуға және экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күреске бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қабылданған.

    Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғам мен әрбір азаматтың белсенді қатысуынсыз, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен құзыреттілігі қамтамасыз етілмейінше нәтижелі болмайды. Осыған байланысты, қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыға бірдей күреске шақырамыз.

     Қазіргі уақытта Мемлекеттік кірістер департаментінде 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (СЖТІТ) жүргізілуде.

 

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністері, қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану және әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша төмендегі байланыс телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз:

Сенім телефоны: 8-7132-41-15-11

Әдеп жөніндегі уәкілдің телефоны: 8-7132-41-11-06