
Бұл акция ҚР ҚМ жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған.
Өткізу мерзімі:
2026 жылғы 5 қаңтар – 30 маусым
Акция аясында келесі мәселелер бойынша түсінікті әрі практикалық кеңестер беріледі:
- бухгалтерлік есеп;
- салықтық есептілік;
- ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу.
Жұмыс форматы:
Негізгі формат — облыс орталықтарындағы мемлекеттік кірістер басқармалары базасында офлайн қабылдау.
Кеңес беру кестесі:
- 2026 жылғы наурыз-маусым — аптасына 2 рет (сейсенбі, бейсенбі) сағат 10:00–13:00
Мекен жайы: Ақтөбе қаласы Қобландина көшесі 7
Кеңес берушілер:
- кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар;
- бухгалтерлік қауымдастықтардың өкілдері;
- заңнама нормаларын түсіндіру үшін мемлекеттік кірістер органдарының тәжірибелі қызметкерлері.
«Халық бухгалтері» акциясы — салық төлеушілермен жұмыс істеуде бақылау моделінен сервистік сүйемелдеуге көшу жолындағы алғашқы қадам.