Салық төлеушінің қызметін мәжбүрлеу тәртібімен тоқтату

Салық төлеушінің қызметін мәжбүрлеу тәртібімен тоқтату

Белсенді емес салық төлеушілердің тізіліміне енгізілген салық төлеуші қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға жатады.

Əрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізілген жəне талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде бір мезгілде мынадай шарттарға сəйкес келетін:

1) салықтық есептілікті дербес ұсынбаған;

2) экспорттық-импорттық операциялар жасамаған;

3) банктік шоттар бойынша төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырмаған;

4) қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;

5) басқа заңды тұлғаның басшысы жəне (немесе) құрылтайшысы, бірлескен кəсіпкерлікке қатысушы болып табылмайтын;

6) салықтық есептілік ұсынуды тоқтата тұрмаған;

7) жеке тұлғаларға мүлік, көлік құралдары салығын, жер салығын салу объектілерін қоспағанда, меншік құқығында көрсетілген салықтарды салу объектілері жоқ;

8) əлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;

9) тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен асатын салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегі жоқ салық төлеушінің қызметі мəжбүрлеу тəртібімен тоқтатылуға жатады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері:

1) салықтық мониторингке жататын;

2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сəйкес қызметті жүзеге асыратын;

3) камералдық бақылау нəтижелері, салықтық тексерулер бойынша бұзушылықтарды жою туралы орындалмаған немесе түсініктеме беру арқылы орындалған хабарламасы бар салық төлеушіге - мұндай бұзушылықтар болған кезде;

4) өзіне қатысты сот орындаушылары жəне (немесе) басқа да уəкілетті органдар шаралар (қамауға алу, шектеулер) қолданған;

5) ұлттық жəне (немесе) шетел валютасын репатриациялау мақсаттары үшін валюталық бақылау рəсімдері аяқталмаған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың тарапы болып табылатын немесе болып табылған;

6) талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде банктік шоттар бойынша төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған салық төлеушіге қолданылмайды.

    Салық төлеушіні əрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізу кезінде ескерілген мерзім қызметті мəжбүрлеп тоқтату кезінде қаралатын кезеңге қосылады.

   Салық төлеушінің қызметін мəжбүрлеу тəртібімен тоқтатуды Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сəйкес заңды күшіне енген сот актісінің негізінде салық органы жүргізеді.

Қызметі мəжбүрлеу тəртібімен тоқтатылған салық төлеуші заңды күшіне енген сот актісінің негізінде салықтық тіркеу тəртібімен салық органының тіркеу есебінен шығарылады.