
Мемлекеттік қызмет – бұл ең алдымен қоғам алдындағы жауапкершілік. Бүгінде біз кәсібилігімен, адалдығымен және ашықтығымен ерекшеленетін, мінсіз беделге ие мемлекеттік қызметшілердің оң үлгілерін қоғам арасында кеңінен насихаттауға ерекше көңіл бөлудеміз.
Қызметтік әдеп нормаларын сақтау, лауазымдық міндеттерді адал әрі сапалы орындау, азаматтардың мүддесіне бағытталу – заманауи мемлекеттік қызметтің негізгі құндылықтары. Осындай үлгілі қызметкерлер мемлекеттік органдардың оң имиджін қалыптастырып, барлық қызметтік корпус үшін үлгі болады.
Кәсіби әрі жауапты қызмет атқару үлгілерін жариялау арқылы біз адалдық, әділдік және ашықтық мәдениетін нығайтып, қоғамдағы мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға ықпал етеміз.