«Salyq кэшбэк» пилоттық жобасы

«Salyq кэшбэк» пилоттық жобасы

МКК «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасын 2026ж. 1 қаңтардан бастап ұзартылатыны туралы хабарлайды. Жоба микро және шағын бизнес субъектілері берген бақылау-касса машиналарының фискалдық чектері бойынша сыйақы төлеуге бағытталған.
2026ж. 26 қаңтардан бастап жобаға Ақтөбе қаласы (Ақтөбе облысы) қосылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2025ж. «Salyq кэшбэк» жобасы 12 облыстың 48 ауданында жұмыс істеді: ШҚО, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, БҚО, СҚО, сондай-ақ Жетісу және Ұлытау облыстарында. Жоба оң нәтиже көрсетті, сканерленген чектер саны 26% - ға өсті және олардың жалпы сомасы өткен жылмен салыстырғанда 32% - ға өсті.
Анықтама үшін: 2025ж. жалпы сомасы 7,6 млрд теңгеге 573 937 чек сканерленді. Есептелген кэшбэк сомасы 152 млн теңгені құрады.

«Salyq кэшбэк» жобасына кез келген адам қатыса алады. Сол үшін қажет:

-Тауар немесе қызмет үшін төлем жасағанда фискалдық чек алу қажет;
- Чектегі штрих-кодты «Amian» мобильді қосымшасы арқылы сканерлеп, сатып алу сомасының 2% мөлшерінде кэшбэк алу.
Алынған қаражатты банктік картаға аударуға немесе мобильді телефон балансына жіберуге болады.
Сыйақыны «IT Analytics» ЖШС операторы «Amian» мобильді қосымшасы арқылы есептейді. Қосымша App Store және Google Play-да тегін жүктеуге болады.
МКК азаматтарды өз тұтынушы құқықтарын қорғау үшін бақылау-кассалық аппараттардың чектерін талап етуге шақырады.