2026 жылғы 5 қаңтардан бастап «Халық бухгалтері» акциясы басталды

2026 жылғы 5 қаңтардан бастап «Халық бухгалтері» акциясы басталды

Жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған «Халық бухгалтері» акциясын іске қосылды.

Өткізу мерзімі:
2026 жылғы 5 қаңтар – 30 маусым

Кімдерге арналған:
Жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне

Қандай көмек көрсетіледі:
Келесі мәселелер бойынша түсінікті әрі практикалық кеңестер беріледі:
- бухгалтерлік есеп;
- салықтық есептілік;
- ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу.

Жұмыс форматы:
Негізгі формат — Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы офлайн қабылдау (Қобландина көшесі,7)

Кеңес беру кестесі:
Дүйсенбі - с 10:00 до 13:00
Сәрсенбі - с 10:00 до 13:00
Жұма - с 10:00 до 13:00

Кеңес берушілер:
- кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар;
- бухгалтерлік қауымдастықтардың өкілдері;
- заңнама нормаларын түсіндіру үшін мемлекеттік кірістер органдарының тәжірибелі қызметкерлері.