Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы

2023 жылдан бастап Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қолданыста. Осы уақыт ішінде мыңдаған азаматтар қарыздардан құтылып, қаржылық өмірін жаңадан бастау үшін осы рәсімді пайдаланды.
Алайда 2025 жылы заңға айтарлықтай өзгерістер енгізілді. Түзетулер рәсімді анағұрлым икемді әрі көптеген қазақстандықтар үшін қолжетімді етті.
2025 жылғы 30 маусымда «Қаржы нарығын дамыту, қаржы қызметтері тұтынушыларының құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық реттеуді алып тастау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Аталған Заң Қазақстан Республикасының «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңына (бұдан әрі- Заң) түзетулер енгізеді.
Бұл түзетулер 2025 жылғы 31 тамыздан бастап күшіне енеді және мынадай негізгі өзгерістерді қамтиды:
1. 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған банк қарыздары мен микроқарыз шарттары бойынша борышты реттеу талабы алынып тасталды (Заңның 5-бабы 1-тармағы 3) тармақшасы және 6-бабы 2-тармағы 5) тармақшасы).
2. Борышкерге соттан тыс банкроттық рәсімін себепсіз тоқтатуға құқық берілді (Заңның 18-бабы 1-тармағы 1) тармақшасы).
3. Уәкілетті орган алдыңғы рет тоқтатқаннан кейін соттан тыс банкроттық рәсіміне қайта жүгіну үшін 6 айлық мерзім белгіленді (Заңның 18-бабына жаңа 4-тармақ).
4. Соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкроттың барлық кредиторлар алдындағы міндеттемелері тоқтатылады (Заңның 1-бабы 11) тармақшасында көрсетілген), соның ішінде кредиттік бюролардың деректер базасында көрсетілмегендері де. Бірақ кепілгерлер, поручительдер және (немесе) кепілзат берушілер алдындағы міндеттемелер сақталады (Заңның 19-бабы 2-тармағы).
5. Соттық банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін жүргізу кезінде қаржы басқарушысының өкілеттіктері нақтыланды (Заңның 23-бабына жаңа 1-1 тармақ енгізілді).