1. ҚҚС бойынша тіркеу деректерін тексеру үшін Салық төлеушінің жеке кабинетіне кіріңіз, кейің курсорды экранның жоғарғы жағындағы Аты-жөніңіздің үстіне апарыңыз және «Профильді қарау» бөлімін таңдаңыз.
2. Профиль парақшасынан ҚҚС бөлімін табыңыз. Егер деректер жоқ болса - бұл салық төлеушінің ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрмағанын білдіреді.
3. Салықтық өтініш бергеннен кейін:
Профиль бетіндегі «Жаңарту» (Обновить) батырмасын басыңыз. Содан кейін ҚҚС бөліміне өтіп, салық төлеушінің деректерін тексеріңіз.
4. Бұл бөлімде тіркеу есебіне қойылған күн және өтініште таңдалған тіркеу түрі көрсетіледі.
Маңызды: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексіне сәйкес ҚҚС бойынша куәліктің сериясы мен нөмірі, сондай-ақ куәліктің қағаз нысаны жойылды.