
МКК бұрынғы салық төлеушілерді категоризациялау жүйесінің орнына икемді салықтық тәуекелдер талдауын енгізуде. Талдау салық түрлері, салалар, өңірлер және компания топтары бойынша жүргізіледі.
Бизнеске арналған жаңа сервис — «Контрагенттер туралы мәліметтер».
Бұл құрал серіктесті жедел тексеруге мүмкіндік береді. Ашық мәліметтер бойынша:
- салық салу режимі
- ҚҚС бойынша тіркеу
- төленген салықтар
- қызметкерлер саны
- салықтық жүктеме коэффициенті
- басшылар мен құрылтайшылар туралы ақпарат
- ЭШФ бойынша шектеулердің немесе сенімсіз ұйымдар тізіміне енгізудің болуы.
Қолдану үшін МКК порталына өтіңіз portal.kgd.gov.kz, БСН/ЖСН енгізіңіз — ақпарат дайын.
Сервис бизнес ұсыныстарына сай кезең-кезеңімен жаңартылып, жетілдіріліп отырады.
Бұл — ашық әрі қауіпсіз іскерлік қарым-қатынастарға қадам.