Қазақстан Республикасы аумағына тас өнімдерінің жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы аумағына тас өнімдерінің жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік операцияларды жүзеге асыру барысында басшылыққа алу үшін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2025 жылғы 25 қарашадағы № 506 «Қазақстан Республикасы аумағына тас өнімдерінің жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 342 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығының көшірмесін, тарифтік емес реттеу шараларын қолдану бөлігінде және тас өнімдерінің жекелеген түрлерінің заңсыз әкетілуінің жолын кесу бойынша, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден тас өнімдерінің жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы коды 6801000000 - тас төсегіштер, жиектемелі - табиғи тастан төсеуге арналған тастар мен плиталар (тақтатастан басқа 6802931000 - гранит жылтыратылған әшекейленген немесе таза салмағы 10 кг немесе одан астам, оюланғаннан басқа, өзге де өңдеуден өткен, 6802939000 - ескерткіштер немесе құрылысқа арналған гранит) көліктің барлық түрлерімен әкелуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілді.