«Чекті талап ет - жүлдені ұтып ал»

«Чекті талап ет - жүлдені ұтып ал»

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 3 сәуірден 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін кассалық тәртіпті сақтау деңгейін арттыру және көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде «Чекті талап ет - жүлдені ұтып ал» акциясы өтіп жатқанын хабарлайды.
Тауарларды сатып алу немесе ақылы қызметтерді алу арқылы әрбір азамат ақшалай және басқа да бағалы сыйлықтардың иегері болуға мүмкіндік алады.
Осы науқанға қатысу үшін тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге алынған чектерді «Amian» мобильді қосымшасында тіркеу қажет.