
2026 жылдың қаңтар айының екінші онкүндігінде «Декларация тапсыруға дейін тауарларды шығаруға өтініш» (ТШӨ) атты жаңа модуль іске қосу жоспарлануда.
Не өзгереді?
- Қағаз түріндегі процестер цифрлық форматқа көшіріледі
- Кеден мен декларанттар арасындағы автоматтандырылған сұрау-жауап алмасу
- ТШӨ-тен кейін декларация тапсыру мерзімдерін автоматты түрде есептеу
«Файлды импорттау» арқылы тауарлардың үлкен тізімдерін жүктеу мүмкіндігі.
2025 жылдың 17 қарашасынан бастап ТШӨ модулінің онлайн-тестілеуі басталады.
Оған кез келген адам қосыла алады.
Тест порталында қолжетімді:
– тестілеу кестесі
– бейне-сабақтар
– пайдаланушы нұсқаулығы
– байланыс деректері
test-keden.kgd.gov.kz
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті СЭҚ қатысушыларын белсенді түрде тестілеуге қатысуға шақырады!