
2025 жылдың 10 айында транзит көлемі 11,04 млн тоннаға жетті — бұл өткен жылмен салыстырғанда 11% көп.
Бұл Қазақстанның маңызды көлік-логистикалық хаб ретіндегі рөлін нығайтып отыр.
Рәсімдерді жеделдету және ашықтықты арттыру мақсатында ҚР ҚМ МКК мен ҚТЖ ҰК АҚ теміржол транзитін цифрландыру жобасын жүзеге асыруда.
Еске салайық, 2023 жылдың желтоқсанынан бастап автоматтандыру бойынша пилоттық жоба іске асуда, оның аясында 2025 жылы 2,5 млн тонна жүк рәсімделді.
Нәтижесінде бір пойызды рәсімдеу уақыты 3 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды.