Салық төлеушілердің назарына!
2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 «Бақылау-кассалық машиналарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына 2025 жылғы 14 наурызда енгізілген өзгерістерге сәйкес, Комитет деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардан (бұдан әрі – БКМ) фискалдық деректер операторларының (бұдан әрі – ФДО) серверіне деректерді беру жөніндегі 2.0.3 нұсқасындағы (бұдан әрі – 2.0.3 нұсқасы Протоколы) Протоколды әзірледі.
2025 жылғы 20 маусымда 2.0.3 нұсқасы Протоколы Комитеттің ресми интернет-ресурсында жарияланды: https://kgd.gov.kz/sites/default/files/KGD/UGU/protokolperedachidannyh_2_0_3_operator.docx.
2.0.3 нұсқасы Протоколында БКМ-ді ұлттық тауарлар каталогына автоматты түрде қосу және БКМ-нің нақты орналасқан жерін анықтайтын ФДО тарапынан геолокацияны айқындау сервисі көзделген.
Осыған байланысты, Комитет 2.0.3 нұсқасы Протоколына көшу мерзімін белгілейді:
– аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын БКМ қолданатын салық төлеушілер БКМ функцияларын 2025 жылғы 15 қазанға дейін 2.0.3 нұсқасы Протоколына сәйкес қайта бағдарламалауы қажет;
– деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғы (темір касса) түріндегі БКМ қолданатын салық төлеушілерге 2025 жылғы 15 қарашаға дейін қайта бағдарламалау қажет.
2025 жылғы 17 қарашадан бастап ФДО-ның 2.0.2 нұсқасы Протоколын ажырату жоспарлануда екенін қосымша хабарлаймыз.
Бүгінгі күні ФДО тізімінде 10 заңды тұлға бар: «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Kaspi Bank» АҚ, «IT ANALYTICS» ЖШС, «Бухта.кз» ЖШС, «Smartcontract» ЖШС, «Jusan Mobile» АҚ, «Comrun» ЖШС, «Вайпоинг» ЖШС.
Мемлекеттік тізілімге 174 БКМ енгізілген, оның ішінде 118 онлайн БКМ, тіркелген онлайн БКМ саны – 1 105 мың.
Сонымен қатар, аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын БКМ-нің жаңартылуы техникалық қызмет көрсету орталықтарына жүгінбей-ақ автоматты түрде жүзеге асырылады.