«Кеден» АЖ-да жұмыс істеу үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушысына:
- Интернетке кіру;
- ЖСН/БСН (егер шетелдік тұлға ҚР заңнамасына сәйкес БСН және қазақстандық ЭЦК алуы тиіс)
- ЭЦҚ (жеке/ЗТ қызметкерінің);
- NCALayer жаңартылған нұсқасы (орнатылған және іске қосылған).
Жүйеге тіркелу үшін пайдаланушы браузерде «Кеден» АЖ URL мекен-жайы бойынша өтуі керек - https://keden.kgd.gov.kz ал басты бетте "Тіркелу" түймесін басыңыз.
Ашылған тіркеу терезесінде пайдаланушы міндетті өрістерді толтырып, келісім беріп, қол қоюы керек.
Тіркеуді аяқтау үшін тіркеу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына алынған хатты ашу қажет. Алынған хатта «электрондық пошта мекенжайын растау» түймесін басыңыз.