Құрметті пайдаланушылар!

Құрметті пайдаланушылар!

Құрметті салық төлеушілер!

Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа «Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесін» (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосу жүргізілуде.
2025 жылғы 8-тамыздан бастап СӘИЖ СТК-не келесі нысандары табыс етуге қол жетімді болады:
1. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00 СЕН);
2. Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация (870.00 СЕН);
3. Халықаралық топқа қатысу туралы өтініш;
4. Трансферттік баға белгілеу бойынша еларалық есептілік;
5. Трансферттік баға белгілеу бойынша негізгі есептілік.
СӘИЖ СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.
СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салық төлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған
Сұрақтарыңыз болған жағдайда сіз:
1. knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы
2. 8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы;
Назарларыңызға: СӘИЖ СТК қызметінің іске қосылуына байланысты жоғарыда көрсетілген салық есептілік нысандарын ескі СТК және СЕӨЖ арқылы ұсыну мүмкіндігі бұғатталатынын ескертеміз.