2023 жылғы 1 наурыздан бастап соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімі іске қосылғалы бері 270 мыңнан астам өтініш келіп түсті.
Оның ішінде:
- 262 мың соттан тыс банкроттыққа өтініш
- Оның 73%-ы (193 мың) талаптарға сай болмағаны үшін кері қайтарылды
⠀- жеке мүліктің болуы
⠀- қарыз сомасының және төлемсіздік мерзімінің жеткіліксіздігі
⠀- несие берушімен қарызды реттеу жүргізілмеген
Рәсімге қолжетімділікті жеңілдету үшін:
Өзгерістер енгізілді:
- 2024 жылғы 19 маусымда
- 2025 жылғы 30 маусымда
Негізгі өзгерістер:
- Құжаттар тізімі қысқартылды
- Несие беруші туралы мәліметтерді көрсету талап етілмейді - ақпарат кредиттік бюролардан алынады
- Соттан тыс рәсімге қатысатын несие берушілер тізімі кеңейтілді
- 2025 жылғы қыркүйектен бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған шарттар бойынша қарызды реттеу талап етілмейді
- Рәсім аяқталғаннан кейін борышкердің барлық міндеттемелері тоқтатылады - тіпті олар кредиттік бюро базасында болмаса да
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша:
6 795 азамат талаптарға сай болмаған себептерді жойып, 3 айдан кейін қайта өтініш беріп, банкрот деп танылды
34 600 азамат ресми түрде банкрот деп танылды
- оның ішінде 2 031 – атаулы әлеуметтік көмек алушылар
- 10 451 – 5 жылдан астам уақыт бойы борыштарын өтемегендер
Сот арқылы рәсім бойынша:
Азаматтардан түскен 10 000 өтініштің ішінде:
- 225 азамат банкрот деп танылды
- 181 азамат төлем қабілеттілігін қалпына келтіруде
Нәтиже:
34 мыңнан астам азамат қарыз жүктемесінен құтылып, қаржылық өмірін жаңадан бастауға мүмкіндік алды.
Олардың 1 248-і жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелді
Жалпы кіріс — 202,8 млн ₸
Есептелген салық сомасы — 16 млн ₸
Бұл көрсеткіштер тек жеке кәсіпкер ретінде тіркелген азаматтарға қатысты.
Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтардың қаржылық тұрақтылығы мен құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында жұмысын жалғастыруда.