Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 3 сәуірден бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін кассалық тәртіпті сақтау деңгейін арттыру және көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде «Чекті талап ет - жүлдені ұтып ал» акциясы өткізіліп жатқанын халыққа жеткізеді.
Тауарларды сатып алу немесе ақылы қызметтерді алу арқылы әрбір азамат ақшалай және басқа да бағалы сыйлықтардың иегері болуға мүмкіндік алады. Осы науқанға қатысу үшін «Amian» мобильді қосымшасында тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге алынған чектерді тіркеу қажет. Қосымша App Store және Play market дүкендерінде қол жетімді.