ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш беру мүмкіндіктерінің кеңейтілгені туралы хабарлайды.
2025 жылғы 10 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары өтінішті «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның (bcc.kz) мобильді қосымшасы арқылы беру мүмкіндігін пайдалана алады. Бұған дейін рәсім тек ХҚКО-ға жеке жүгіну немесе eGov.kz порталы арқылы ғана қолжетімді болатын.
Bcc.kz мобильді қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Жеке тұлғалардың банкроттығы» қызметі іске қосылды.
Өтініш берудің қадамдық нұсқаулығымен сілтеме бойынша толығырақ таныса аласыз:
https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1015953?lang=kk