Актөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, заңсыз алкоголь өнімдерінің айналымын анықтау мақсатында тақырыптық салықтық тексерулер жүргізіліп жатқаны туралы хабарлайды. Ағымдағы жылдын 5 ай мерзімінде жүргізілген тексерулер барысында тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарсыз алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы анықталып, жалпы саны 6 309 шөлмек (9 254,41 литр) алкоголь өнімі тәркіленді.
Жоғарыда аталған бұзушылық бойынша ҚР ӘҚБтК 283-1 бабының 5 бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын алкоголь өнімі тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын хабарлаймыз.