2025 жылы жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу кезінде кейбір салықтық шегерімдерді қолдану

2025 жылы жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу кезінде кейбір салықтық шегерімдерді қолдану

Декларациялау тәртібін оңтайландыру шеңберінде ҚР Салық кодексінде көрсетілген тұлғалардың белгілі бір санатын қоспағандағы, төлем көзінен (жалақы, зейнетақы, стипендия, зейнетақы, сақтандыру төлемдері және т.б.) салық салуға жататын кірістерді алатын жеке тұлғалар, 270.00 нысанды жыл сайынғы декларацияны ұсынудан босатылды.
Осыған байланысты жеке тұлғалардың салық шегерімдерін қолдану бөлігінде әкімшілендіру өзгеруде, мұнда бірқатар салық шегерімдерін
(14 АЕК мөлшерінде, оқытуға, медицинаға, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларға және көпбалалы отбасылар үшін) күнтізбелік айға 30 АЕК, яғни күнтізбелік жылға 360 АЕК мөлшеріндегі бірыңғай базалық шегерімге ауыстыру көзделген, ол салықтық шегерімдерді қолдану туралы еркін нысандағы өтініш негізінде беріледі.
Аталған шегерімдер 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық жеке тұлғалар үшін қызметкерлердің, салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын тұлғалардың (жеке нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, кәсіби медиаторлар) кірістері бойынша қолдану үшін көзделетін болады.
Бұдан басқа, көрсетілген нормаларды ретроспективті түрде енгізуге байланысты, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Заң қолданысқа енгізілген күнге дейінгі кезеңде ЖТС есептеу және салықтық шегерімдерді қолдану тәртібі бөлігінде өтпелі ережелер көзделген.

Толығырақ
https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1009766?lang=kk