Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кассалық тәртіпті сақтау деңгейін арттыру және көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде мынадай акциялардың өткізілгені туралы хабарлайды:
Әр тоқсанның қорытындысы бойынша оператор фискалдық чектердің ең көп санын сканерлейтін әр өңірден бір жеңімпазды (барлығы 20 жеңімпаз — әр облыстан және Республикалық маңызы бар қаладан бір) анықтайды. Жеңімпаздарға 100 000 теңге көлемінде сыйлық төленеді.
Акция тоқсан сайын өткізілетін болады: 1 кезең: 1 мамырдан екінші тоқсанның соңына дейін; 2 кезең: үшінші тоқсанда; 3 кезең: төртінші тоқсанда. Аталған акцияларға қатысу үшін «Amian» мобильді қосымшасында тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге ақы төлегені үшін чектерді тіркеу қажет.