
"Бекітемін"
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
басшысы
________________Д. Нұрмолдин
"____"___________2026 жыл
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша
талдамалық анықтама
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелері қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізудің типтік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
Өткізу мерзімі: 01.04.2026ж. басталып, 15.05.2026ж. аяқталды.
Байқалған кезең: 2025 жыл.
Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес, Департаменттің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Департамент қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілер мен құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды жұмыс тобының құрамы жүргізді, бұл ретте тәуелсіз сарапшылар (мамандар) тартылмады.
Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау келесі мәселелер бойынша жүргізілді:
1) кадрларды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
2) мүдделер қақтығысын реттеу;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету;
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;
5) бақылау функцияларын іске асыру;
6) бюджеттік және қаржылық қаражатты игеру және бөлу;
7) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;
8) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;
9) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
2026 жылғы 25 мамырдағы жағдай бойынша Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және оның аумақтық басқармаларының штат саны - 390 бірлікті құрайды (Департамент-141, ТУГД-249). Нақты саны-372 бірлік (штат санының 95%), оның ішінде МКД - 137 бірлік, МКД - 235 бірлік, бос орындар - 18, оның ішінде МКД -4, АМКБ - 14.
2026 жылдың 5 айында мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданғандар саны – 7 адам. Барлық мемлекеттік қызметшілер атқаратын лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Ұлттық қауіпсіздік органдарына арнайы тексеруге құжаттар уақтылы жіберілді. Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданғандарға сынақ мерзімі тағайындалып, тәлімгерлер бекітіледі.
2026 жылдың 5 айында барлығы 21 адам жұмыстан шығарылды, оның ішінде МКД – 8, АМКБ – 13, соның ішінде:
- өз еркімен-16;
- конкурс бойынша басқа МКД, МКБ және ұйымдарға -2;
- басқа себептермен - 3.
Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін, сондай – ақ мемлекеттік қызметшілердің шектеулерді сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер 2025 жылы-0 қызметкер, 2025 жылдың 5 айында жоқ.
Департаментте және оның аумақтық бөлімшелерінде мемлекеттік қызметті өткеру процестерін (бос лауазымдарға конкурстар өткізу, тәртіптік жазалар қолдану, қайта даярлау және біліктілікті арттыру, тәлімгерлік және т.б.) зерттеу, олардың мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың белгіленген талаптарына жалпы сәйкес келетінін көрсетті.
Ақмола облысының мемлекеттік кірістер органдарының барлық қызметкерлері, соның ішінде мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданғандар, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабы 3-тармағының талаптарын толық көлемде орындайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қол қою арқылы қабылданды.
Жаңа теріс қылық жасаған кезде тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алу фактілері анықталған жоқ.
Департамент қызметіндегі персоналды басқару мәселелері бойынша жүргізілген талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтегі этикалық бақылау сыбайлас жемқорлық көріністерін, қызметтік этиканы бұзушылықтарды алдын алудың және мүдделер қақтығыстарын реттеудің маңызды тетігі болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің этикалық нормалары мен мінез-құлық ережелерін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2016 жылдан бастап енгізілген орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы этика жөніндегі уәкіл институты мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тәртібі мен жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қосымша тетік қалыптастырды.
Қызметкерлердің жеке істерін тексеру кезінде Ақмола облысының МҚҚК келесі қызметкерлерінің жұбайлар мен туыстар екендігі анықталды:
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
- Абетов Б.Ұ., Заң басқармасының басшысы және Абетова А.С., Кедендік бақылау басқармасының тарифтік реттеу және кедендік құн бөлімінің басшысы;
- Жұрымбаев С.Қ., Аудит басқармасының кедендік бақылаудан кейінгі бақылау бөлімінің басшысы және Ибраева Н.Д., Кедендік бақылау басқармасының кедендік бақылау бөлімінің бас маманы;
- Амрин А.Б., Борыштармен жұмыс басқармасының басшысы және Амрина И.Г., Кедендік бақылау басқармасының кедендік бақылау бөлімінің бас маманы;
- Жұмағұлова Г.Б., Адам ресурстарын басқару басқармасының басшысы және Абуова Б.Б., Аудит басқармасының кедендік бақылаудан кейінгі бақылау бөлімінің бас маманы;
- Сұлтанов Б.А., жанама салықтарды және ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС-ты әкімшілендіру басқармасының ҚҚС салық аудиті бөлімінің бас маманы және Сұлтанова Ж.Т., Көкшетау қаласы бойынша МКД бас маманы;
- Хилько В.С., жанама салықтарды және ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС-ты әкімшілендіру басқармасының ҚҚС салық аудиті бөлімінің бас маманы және Жармұханбетова Н.М., Қаржы басқармасының бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы.
Аршалы ауданы бойынша МКБ (жұбайлары)
- Сафронов с. Н., салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы және Сафронова Е. Р., салықтық әкімшілендіру және алымдар бөлімінің бас маманы.
Ерейментау ауданы бойынша МКБ (жұбайлары)
- Тасбулатов Б.Т., салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы, Әбимолдаева А.Е., салықтық әкімшілендіру және алымдар бөлімінің бас маманы. (қазіргі уақытта әлеуметтік бала күтімі бойынша демалысында 16.10.2027 ж. дейін)
Есіл ауданы бойынша МКБ (жұбайлары)
- Бекмурзин Е.Г., салықтық әкімшілендіру және алымдар бөлімінің бас маманы, Каирова Д. Ж., салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы (қазіргі уақытта әлеуметтік бала күтімі бойынша демалысында 29.11.2026 ж. дейін).
Жоғарыда аталған қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары мен функционалдық міндеттерін мониторингілеу және зерделеу қорытындысы бойынша мүдделер қақтығысы фактілері, жақын туыстарына, жұбайларына және жекжаттарына тікелей бағыныштылықта мемлекеттік лауазымға орналасу анықталмаған.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес мүдделер қақтығысын анықтауға қатысты, туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы жазбаша өтініштер табылған жоқ.
Департаментте Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары Департамент басшысының орынбасарына жүктелген. Әдеп жөніндегі уәкілдің 2025 жылғы және 2026 жылғы ағымдағы кезеңдегі қызметін талдау барысында Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі есепті кезеңдерде ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы №153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ережемен өзіне жүктелген функцияларды орындау шеңберінде жұмыс жүргізгені анықталды.
Ереженің 4-тармағы 9)тармақшасына сәйкес Әдеп жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға міндетті.
Осылайша, Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, Әдеп кодексі салаларында Қазақстан Республикасы заңнамасын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізеді, сондай-ақ осы тақырып бойынша іс-шаралар (дәрістер, семинарлар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өкілдерінің қатысуымен, БАҚ-тағы мақалалар, интернет-ресурстар) өткізеді.
"Еститін" мемлекеттік органның тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Президенттің 29.12.2015 жылғы №153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ереженің 3-бөлімінің 9-тармағына сәйкес Департаменттің интернет-ресурсында орналастырылған жеке тұлғаларды, заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді.
Қызметтік әдеп нормаларының сақталуына, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне мониторинг жүргізу мақсатында Ақмола облысы Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне сауалнама жүргізілді.
Жүргізілген талдау Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі қызметінің ашықтығын көрсетеді.
Мемлекеттік кірістер органдары қазіргі уақытта жеке және заңды тұлғаларға 42 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде 25 салықтық және 17 кедендік қызмет. Мемлекеттік қызметтердің 100% - ының 99,9% - ы электронды түрде, 0,1% - ы қағаз түрінде көрсетіледі. Салықтық әкімшілік пен бақылау автоматты режимге көшірілді.
Сондай - ақ, салық төлеушілер салық есептілігін "салық төлеушінің кабинеті", Е-Salyk мобильді қосымшасы арқылы ұсынады.
Бұдан басқа, лицензия беру "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүргізіледі www.egov.kz e-license қосымшасында, бұл лицензиат пен қызмет беруші арасындағы тікелей байланысты болдырмайды. Қызметті электронды түрде көрсету коррупциялық тәуекелдердің туындауын болдырмайды.
11.04.2026 жылдан бастап «Кеден» ақпараттық жүйесі енгізілді, ол коррупцияға қарсы іс-қимылда негізгі артықшылықтарды, негізінен процестерді автоматтандыру есебінен береді. Міне, олардың негізгілері:
Қорытындылай келе, «Кеден» АЖ енгізу кедендік әкімшілікті сапалы жаңа деңгейге көтеретінін айтуға болады. Басты нәтиже – ашық емес «адам факторынан» тәуекелдерді объективті және цифрлық бағалауға басымдық беру. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай азайтып қана қоймай, мемлекет пен бизнестің сыртқы экономикалық қызметін жеделдетеді.
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары 2025 жылы барлығы 538 690 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде электронды түрде – 537 713 қызмет немесе 99,8%.
2026 жылдың 1 тоқсанында Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары 130 837 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде электронды түрде – 130 682 қызмет немесе 99,9%.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс.
Департамент қызметкерлері арасында қызметтік этика мен мемлекеттік мүдделерді қатаң сақтау, жоғары моральдық-этикалық нормаларды қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзімділік» тәрбиелеу насихатталады.
Осылайшы, азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы «e-Otinish» бойынша түскен өтініштерді мониторингілеу барысында 2025 жылы барлығы 9 733 өтініш, оның ішінде 348 шағым түскені анықталды.
Шағымдарды қарау барысында мемлекеттік кірістер органдарына түсетін өтініштер негізінен салық заңнамасы, кеден заңнамасы мәселелеріне, салық төлеушілердің көлік құралына төленетін салықты есептеумен келіспеуіне, банк шоттарындағы ақшалай қаражаттың қозғалысына шектеу қоюға, жеке кәсіпкерлікті жабу мерзімдеріне қатысты мәселелерге, салықтық тексерулер тағайындау туралы нұсқамаларға, салықтық тексерулердің нәтижелеріне, салықтық тексерулер тағайындауға, хабарламалар бойынша шешімдерге, жалпыға бірдей декларациялауға, сондай-ақ жеке тұлғалардың табыстарын жасыру мәселелеріне, сондай-ақ жеке тұлғалардың банкроттығын қолданудан бас тарту туралы МКД шешімдеріне шағымдануға және т.б. қатысты екені анықталды.
Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері салық төлеушілердің барлық өтініштері мен шағымдарына негізделген толық жауаптар берді.
Есепті кезең ішінде Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу фактілері туралы өтініштері мен шағымдары түскен жоқ.
Департамент қызметінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
1) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 137-бабына сәйкес жіберілген хабарламаның дұрыс немесе бұрыс орындалғаны туралы салық төлеушіні ақпараттандырудың автоматтандырылған тетігінің болмауы, салық төлеушілерді жаңылыстыру, хабарламаны орындау нәтижелерін түсіндірудегі сәйкессіздіктер, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың ақпарат беру кезінде субъективті тәсілді қолдану мүмкіндігі сияқты тәуекелдерді тудырады.
Ашық және автоматтандырылған хабарламаның болмауы салдарынан салық төлеуші хабарламаның орындалуының нақты мәртебесі (орындалды/орындалмады, бұзушылық жойылды/жойылмады) туралы уақтылы немесе дұрыс емес ақпарат алуы мүмкін, бұл шағымдардың, даулардың, негізсіз өтініштердің туындауына, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен қолмен өзара іс-қимыл кезінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жағдай жасайды.
Мақсаты: хабарламаларды орындау нәтижелері туралы салық төлеушілерді ақпараттандыру процесінің ашықтығы мен сенімділігін қамтамасыз ету, ақпарат беру кезінде адам факторын жою, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту және мемлекеттік кірістер органдарына деген сенім деңгейін арттыру.
Ұсыныстар:
- Салық төлеушілерді хабардар ету процесін хабарламалардың орындалу мәртебесі туралы автоматтандыру;
- Ақпараттық жүйелер арқылы хабарламаны қарау нәтижелері туралы хабарламаларды автоматты түрде жіберуді жүзеге асыру;
- Салық төлеушінің жеке кабинетінде хабарламаның орындалу мәртебесін («орындалды/орындалмады», «бұзушылық жойылды/жойылмады») көрсетуді қарастыру;
- Лауазымды тұлғалардың қолмен хабарлау қажеттілігін жою;
- Барлық ұқсас жағдайлар бойынша салық төлеушілерді хабардар етудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету.
2) Бұрын есептелген КТС/ЖТС сомаларын салықтық есептіліктің қосымша нысандарын ұсыну арқылы азайтуға техникалық шектеудің болмауы, бұл салық міндеттемелерін барынша азайтуға әкеледі, есептеу сомаларын негізсіз азайту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауы үшін жағдай жасайды.
Автоматтандырылған бұғаттаудың немесе бақылау тетіктерінің болмауы жағдайында салықтық есептіліктің қосымша нысандарын қарау және қабылдау кезінде субъективті тәсілді қолдану мүмкіндігі бар, бұл асыра пайдалануға, есептеу сомаларын манипуляциялауға, сондай-ақ жекелеген салық төлеушілерге негізсіз артықшылықтар беруге ықпал етуі мүмкін.
Сонымен қатар, бұрын есептелген сомаларды азайту бойынша шектеулер мен бақылау рәсімдерінің болмауы бюджетке түсетін түсімдердің азаюына, даулы жағдайлардың туындауына және мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне сенімнің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Мақсат: Бұрын есептелген КТС/ЖТС сомаларын түзету процестерінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету, салық міндеттемелерін негізсіз азайту мүмкіндігін жою, сондай-ақ салықтық есептіліктің қосымша нысандарын қабылдау және өңдеу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту.
Ұсыныстар:
- Есептелген КТС/ЖТС сомаларының бұрынғы мөлшерін азайтуды автоматты түрде бұғаттауды қосымша есептілік нысандары арқылы жүзеге асыру;
- Есептелген сомаларды азайту жағдайларын анықтау бойынша бақылау тетіктерін қарастыру;
- Төлемдерді түзету негіздерін міндетті автоматты тексеруді енгізу;
- Ақпараттық жүйеде есептелген сомаларды өзгерту бойынша барлық әрекеттерді тіркеуді қамтамасыз ету;
- Лауазымды тұлғалардың төлемдерді түзету процесіне қолмен араласуын барынша азайту;
- Бұрын есептелген салық міндеттемелерін азайту жағдайлары бойынша қосымша келісуді немесе бақылауды қарастыру.
Департаменттің қызметінде бақылау функцияларын жүзеге асыруға қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Департаменттің қызметінде бюджеттік және қаржылық ресурстарды әзірлеу және бөлу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Департамент қызметінде жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Департамент қызметінде жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.