
21 мамырда Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері AMANAT партиясының Республикалық Әйелдер қанатының жоспары аясында, инклюзия бағытында «Мүмкіндігі шектеулі балаларды (ЕОА) кәсіби бағдарлау және жұмысқа орналастыру: қиындықтар, қолдау шаралары мен мүмкіндіктер» тақырыбында АШЫҚ ДИАЛОГ алаңына қатысты.
Шара барысында Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Шынар Мусина мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға мемлекет тарапынан көрсетілетін салық жеңілдіктерін түсіндірді.