«KEDEN» жүйесіне қатысты мәселелер талқыланды

«KEDEN» жүйесіне қатысты мәселелер талқыланды

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, кеден өкілдері және уақытша сақтау орындарының иелерімен кездесу өтті.Іс-шара барысында  «KEDEN» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуге қатысты проблемалық мәселелер талқыланып, жүйенің функционалдығын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірленді.  

Шара барысында кәсіпкерлердің кедендік ресімдеу барысында туындаған сұрақтарына толық жауаптар берілді.