Мектеп оқушыларына арналған «Ашық есік күні»

Мектеп оқушыларына  арналған «Ашық есік күні»

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназияның оқушыларына арналған. «Ашық есік күні» акциясын өткізді.Шара барысында оқушылар  мемлекеттік кірістер органдарының мұражайымен, «Көкшетау- кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетімен, Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қабылдау және өңдеу Орталығымен және басқада бөлімдерімен танысты, салық және кеден саласындағы қызметтерлерінің негізгі бағыттары түсіндірілді. Шара барысында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік пен салықтық есепті жүргізу сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Халық бухгалтері»  акциясын өткізіп жатқанын хабарлады.«Халық бухгалтері» — жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған тегін консультациялық көмек.

Ақмола облысы бойынша іс-шара Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында аптасына 2 рет (сейсенбі, бейсенбі) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі.