Ашық есік күні өтті

Ашық есік күні өтті

Көкшетау қаласындағы «KOKSHE MALL» сауда ойын сауық орталығында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған мемлекеттік органдардың «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Іс-шараға Көкшетау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті, Ақмола облысы бойынша Әділет департаментінің, адвокаттар, нотариустер және  жеке сот орындаушылары қатысты.

Іс-шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңес алды және өздерін қызықтырған сұрақтарға білікті мамандардан көмек алу мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шара халық тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Қатысушылар мемлекеттік органдармен ашық өзара іс-қимыл форматын жоғары бағалады.

Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті.

Кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік пен салықтық есепті жүргізу сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Халық бухгалтері» акциясын өткізуде.

      «Халық бухгалтері» — жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған тегін консультациялық көмек.

Ақмола облысы бойынша іс-шара Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында аптасына 2 рет (сейсенбі, бейсенбі) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі.