«Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру шеңберінде

«Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру шеңберінде

Достық үйінде мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» идеологемасының принципін нығайту жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға аясында «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудағы азаматтық қоғамның рөлі» атты облыстық семинары өтеді. Талқылаудың басты тақырыбы 2025–2030 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету концепциясын қоғаммен серіктестікте енгізу болады.

Іс-шараның мақсаты — қоғамда кез келген құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» атмосферасын қалыптастырудың тиімді механизмдерін әзірлеу және азаматтардың құқықтық иммунитетін нығайту. Қатысушылар жаңа қоғамдық қауіпсіздік стандарттарының халықтың мүддесін қорғауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға қалай көмектесетінін талқылайды.

Семинар спикерлері:  

  • Юлия Кучинская – ҚР Парламенті Мәжілісінің «AMANAT» фракциясынан депутат, Мәжіліс Парламентінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, Астана қаласы.
  • Ардақ Капышев - тарих ғылымдарының кандидаты, Ualikhanov  University әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, Көкшетау қаласы
  • Аманжол Уразбаев – Заң ғылымдарының кандидаты, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің запастағы полковнигі, «Контртеррористік комитет» РҚБ төрағасы, Астана қаласы.  
  • Ерболат Хусаинов – полиция подполковнигі, Ақмола облысы Полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының орынбасары.  
  • Берген Беспалинов– «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалының төрағасы, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты,  

     Шынар Мусина -   Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты салық заңнамасындағы негізгі өзгерістермен, «Халық бухгалтері», «Таза парақ» акциялармен және басқа да жаңалықтармен таныстырды.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Қойылған сұрақтардың барлығына сауатты жауаптар берілді