Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының Аршалы ауданына жұмыс сапары

Мемлекеттік кірістер департаменті  басшысының Аршалы ауданына жұмыс сапары

Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрмолдин жұмыс сапарымен Аршалы ауданына барды. Аршалы ауданының МКБ қызметкерлерімен кездесуде барысында мемлекеттік кірістер органдарының жұмысының басым бағыттары белгіленіп, салық заңнамасындағы өзгерістер түсіндірілді.

Қызметкерлерге жоғары сапалы KPI көрсеткіштерін қамтамасыз ету және белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу үшін нақты міндеттер жүктелді. Нұрмолдин қызметтік этика нормаларын қатаң сақтауды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуды баса айтып, халықтың мемлекеттік органға деген сенімі әрбір қызметкердің адалдығы мен ашықтығына тікелей байланысты екенін атап өтті.Жұмыс мәселелермен қатар, МКД басшысы әкімшілік ғимараттың жөндеуден жағдайын мұқият тексерді.

Ол мемлекеттік органның қызмет көрсету моделі аясында қызметкерлерге лайықты еңбек жағдайын жасау және салық төлеушілерді қабылдау басым бағыт болып қала беретінін атап өтті.

Сапар аясында өңірдегі ең ірі ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің бірі «Ижевский» серіктестігінде кездесу болды. Компания басшылығымен кездесу барысында агроөнеркәсіптік кешендегі (АӨК) салық заңнамасының өзекті мәселелері талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша басқарма басшысы МКБ басшылығына салықтық әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру және салық төлеушілермен кері байланысты күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.