
Мемлекеттік кірістер Департаментінің ұжымы талдау және тәуекелдер басқармасының бас маманы Ақбөкен Есімсағиеваны 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.
30 жылдан астам Ақбөкен Маданьятқызы кеден және салық жүйесінде қызметтік міндеттерін адал орындап отырып, жауапты лауазымдарда жұмыс атқаруда.
Бүгінгі күнге дейін өзінді білімді маман, адал қызметкер және мол тәжірибелі, жас мамандарға үлгі-өнеге, игі бастама көрсетіп келеді.
Адал еңбегі мен жоғары кәсіптілігі үшін ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бағаланған.
Әріптесімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, еңбекте табыс, отбасына құт-береке тілейміз. Құттықтаймыз!