
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде құрмет демалысына Ақкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Майра Мағжанқызы Қараулованы шығарып салу рәсімі өтті.
30 жылдан астам Майра Мағжанқызы салық жүйесінде қызметтік міндеттерін адал орындап отырып, әртүрлі жауапты лауазымдарда жұмыс атқарды.
Ол жұмысын Көкшетау облысы бойынша Салық инспекциясының Заңды тұлғаларға салық салу бөлімінің мүлік салығы және салық есептілігі секторының салық инспекторы лауазымынан бастады.
Лауазымдық қызметіндегі жоғары көрсеткіштері үшін Майра Қараулова «Салық қызметінің үздігі», «Мемлекеттік кірістер органының үздігі», «Мемлекеттік кірістер комитетіне 10 жыл». «Қаржы қызметінің үздігі», төсбелгісімен, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 100 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан патриоты» медальдарымен марапатталған. Ақмола облысы әкімінің Алғыс хаттарымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Құрметті Майра Мағжанқызы!
Сізді құрмет демалысына шығуыңызбен құттықтаймыз!
Сізге зор денсаулық, баянды бақыт, отбасына құт-береке тілейміз!
Ізгі ниетпен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің ұжымы