Қызметкерлерге семинар өткізілді

Қызметкерлерге семинар өткізілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент және Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқарма қызметкерлері үшін  Әдеп жөніндегі уәкіл МКД басшысының орынбасары Бауыржан Шәйкеновтың төрағалығымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Юлия Панчурина және Ақмола облысы Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ маман-теологы Сәкен Жақановтың қатысуымен семинар өтті.

Аталған іс-шарада «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этиканы сақтауы және ойын мекемесіне барудан тартыну», сондай-ақ «Деструктивті діни ағымдар мен оның ерекшеліктері» мәселелері қаралды.

Қызметкерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар берілді.