Мамандарды даярлау мәселелері талқыланды

Мамандарды даярлау мәселелері талқыланды

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыстар басқармасының басшысы Шынар Мусина Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің ашық отырысына қатысты.

 

Шара барысында білім сапасы, оқу үдерісін жетілдіру, заманауи еңбек нарығының талаптарына сай мамандар даярлау мәселелері талқыланды.

 

Кадрларды дайындаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін факторлардың бірі университеттер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимыл екені атап өтілді.