Ақмола облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Арнаулы салық режимдерінің өтпелі ережелері» тақырыбы бойынша брифинг өтті.
Шара барысында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Назгүл Аюпова жаңа Салық кодексінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгенін хабарлады.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұған дейін қолданыста болған жеті нұсқаның орнына үш әмбебап арнайы салық режимі (САР) қалады:
1. Өзін өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР
2. Қарапайым декларацияға негізделген АСР
3. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР (ШФҚ)
1. Өзін өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР
• Қолдана алатындар: жеке кәсіпкер (ЖК) мәртебесі жоқ, жалдамалы қызметкерлері жоқ жеке тұлғалар.
• Табыс шегі: айына 300 АЕК ке дейін (≈ 1,3 млн тг); жылына 15 млн тг дейін.
• Салық жүктемесі: табыстан 4 % мөлшерінде әлеуметтік төлемдер; ЖТС (ИПН) төленбейді.
• Есептілік: декларация жоқ — есеп ай сайын e Salyq Business мобильді қосымшасындағы чектер негізінде автоматты түрде жүргізіледі.
2. Қарапайым декларацияға негізделген АСР
• Табыс шегі: жылына 600 000 АЕК ке дейін (≈ 2,5 млрд тг).
• Жұмысшылар: саны бойынша шектеу жоқ.
• ЖТС ставкасы: 4 % (мәслихаттар 50 %-ға көтеру/төмендету құқығымен).
• Есептілік: 910.00 нысаны жылына екі рет.
• Жеңілдіктер:
o табыс 24 000 АЕК тен асқанда жалақы қоры сомасына салық жүктемесін азайту;
o түсім 135 000 АЕК тен аз болса, бухгалтерлік есеп жүргізу талап етілмейді.
• ҚҚС: қолданылмайды.
• Шектеулер: рұқсат етілмеген қызмет түрлерінің тізбесі бекітілген.
3. ШФҚ ға арналған АСР
• Қызмет түрі: ауыл шаруашылығы (міндетті түрде меншікті немесе жалға алынған жер учаскесі болуы керек).
• Салық: айналымнан 0,5 % (ЖТС ретінде төленеді).
• Босатулар: ҚҚС тан, әлеуметтік салықтан, ауылшаруашылық жұмыстарына пайдаланылатын мүлік пен көлік салығынан босатылады.
• Есептілік: 200.00 нысаны жылына бір рет.
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін салық төлеушілер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 28 ақпанға дейінгі кезеңде (өтпелі кезең) жаңа Салық кодексінің 840-бабының ережелеріне сәйкес осы режимге көшу туралы хабарлама ұсынуы қажет. Мұндай хабарламаны ұсынған салық төлеушілер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап оңайлатылған декларация режимін қолданатын болып танылады.
Кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік пен салықтық есепті жүргізу сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Халық бухгалтері» акциясын өткізуде.
«Халық бухгалтері» — жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған тегін консультациялық көмек.
Ақмола облысы бойынша іс-шара Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі.
Жыл басынан бері 300 астам консультациялық көмек көрсетілді.Бұл кәсіпкерлердің акцияға қызығушылықпен жауап бергенін көрсетеді.
Сонымен қатар қабылдау уақытында аудандық және қалалық басқармалар арасында бейнебайланыс пен телефон арқылы кеңес беру мүмкіндігі көзделген
«Халық бухгалтері» акциясы салық төлеушілермен жұмыс істеуде бақылау моделінен сервистік сүйемелдеуге көшу жолындағы алғашқы қадам болып табылады.
Шара барысында қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.