
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің базасында МКД басқармалары, бөлім басшылары, МКБ басшылары мен орынбасарлары, кеден бекеттерінің басшылары үшін «Мемлекеттік кірістер органдарындағы тиімді басқару» бағдарламасы бойынша коучинг-тренинг өткізді.
Коучинг-тренинг аясында қатысушылар жоспарлау, ұйымдастыру және бақылаудың негізгі тәсілдерімен танысты, командаға шабыт беріп, ынталандырып, басшылық етудің, сондай-ақ коммуникацияны дұрыс бағытта пайдаланудың жолдарын үйренді.
Қатысушылар мемлекеттік басқарудағы коучингтің негіздеріне терең үңіліп, басқарудың негізгі модельдерін талдады, тиімді коммуникация дағдыларын тәжірибе жүзінде жетілдірді.
Коучинг-тренинг қатысушылары коучинг қағидаттарына негізделген
«5 жылдан кейінгі МКД-ның көрінісі» тақырыбындағы жобаны сәтті қорғады.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар сауалнамаға қатысып, «Мемлекеттік кірістер органдарында тиімді менеджмент» бағдарламасы бойынша біліктілікті сәтті арттырғаны жөнінде сертификаттар алды.