Құрмет демалысына шығарып салды

Құрмет демалысына шығарып салды

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде құрмет демалысына кедендік бақылау басқармасының бас маманы Шынар Сәбиеваны шығарып салу рәсімі өтті.

25 жылдан астам Шынар  Нығметжанқызы қаржы жүйесінде қызметтік міндеттерін адал орындап отырып, әртүрлі жауапты лауазымдарда жұмыс атқарды.

Ол еңбек жолын Ақмола облысы бойынша Кедендік басқармасының кедендік режимдерінің бақылау бөлімінің инспекторы болып бастады.

Бүгінгі күнге дейін өзінді білімді маман, адал қызметкер және мол тәжірибелі, жас мамандарға үлгі-өнеге, игі бастама көрсетіп келеді.

Қаржы жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан, лауазымды міндетін абыроймен атқарған үшін  «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төс белгісімен, Дүниежүзілік кеден ұйымының  ресми Сертификатымен, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің және Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрмет мадақтамалармен және алғыс хаттарымен марапатталған.

Құрметті Шынар  Нығметжанқызы!

Сізді құрмет демалысына шығуыңызбен құттықтаймыз!

Сізге зор денсаулық, баянды бақыт, отбасына құт-береке тілейміз!

Ізгі ниетпен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер

департаментінің ұжымы